Press releases kz

Business Media Central Asia Interlight Central Asia және Security&Building Central Asia көрме жобаларына ауқымды ребрендинг бастайды

Қазақстан жарық, технология және қауіпсіздік саласындағы әлемдік жетекші брендтердің жаңа орталығына айналуда.

Business Media Central Asia (BMCA) халықаралық серіктестер мен әлемге танылған көрме бренді қолдауымен Interlight Central Asia және Security&Building Central Asia көрмелеріне ауқымды ребрендинг жариялады. Бұл шешім өңірдегі көрме индустриясының дамуына жаңа серпін беріп, Қазақстанды әлемдік жетекші алаңдар деңгейіне шығарады. Жаңарған B2B-платформа ел үшін ауқымды оқиғаға айналып, жарықтандыру жүйелері, энергия үнемдеу технологиялары, цифрлық қауіпсіздік, ғимараттарды автоматтандыру, инженерлік жүйелер мен қалалық инфрақұрылымға арналған тұрақты шешімдер саласындағы нарық көшбасшыларын, беделді сарапшыларды және мамандарды бір алаңға тоғыстырады.

Халықаралық әріптестердің ұсынысына сәйкес Interlight Central Asia және Security&Building Central Asia 2025 көрмелерін келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін 2025 жылғы 17–19 қыркүйекте Астанада өтеді деп жоспарланған шаралар енді әлемдік деңгейдегі жаңарған форматта ұсынылады. Ұйымдастырушылардың басты мақсаты – жобаны жарықтандыру, энергия үнемділігі, қауіпсіздік және Smart-технологиялар саласындағы инновациялар орталығы ретінде мойындалған Қазақстанды айшықтайтын жетекші халықаралық брендке айналдыру. Бұл қадам бизнес-бағдарламаны кеңейтіп, саладағы әлемдік көшбасшылар қатысатын стратегиялық сессияларды қамтуға, «ақылды» технологиялар мен тұрақты инфрақұрылымдық шешімдерге басымдық беруге, сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азиядағы халықаралық көрме индустриясының негізгі орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуға жол ашады.

Interlight Central Asia көп жылдан бері инженерлер мен дизайнерлерге, сәулетшілер мен инвесторларға, құрылысшылар мен девелоперлерге арналған кәсіби алаң ретінде танылып келеді. Көрмеде электротехника, техникалық және сәндік жарықтандыру саласындағы ең жаңа шешімдер ұсынылады. Сонымен бірге бағдарлама аясында дизайн және «ақылды» технология күндері, B2B-кездесулер, мастер-кластар мен таныстырылымдар өтеді.

Security & Building Central Asia – қауіпсіздік жүйелері, ғимараттарды автоматтандыру және Smart-технологиялар саласындағы жетекші өндірушілер мен жеткізушілерді біріктіретін алаң. Мұнда ғимараттарды басқаруға арналған инновациялар, кешенді қауіпсіздік жүйелері, бейнебақылау құралдары, сондай-ақ «ақылды үйлерге» және «ақылды қалаларға» арналған шешімдер ұсынылады.

«Бүгін біз компанияны жаңа деңгейге шығаруды жоспарлап отырмыз. Жобаларымыздың толық ребрендингі Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Көрмелерді келесі жылға ауыстыру арқылы біз аудиторияға ауқымды әрі сапалы жобаны ұсынбақпыз», – деді BMCA Қазақстан директоры Әнуар Мәлік.

Ұйымдастырушылар алдағы ребрендинг аймақтың кәсіби қауымдастығын дамытудағы маңызды қадам болатынын және халықаралық әріптестікке жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Қатысушылар мен серіктестерге түсіністік пен қолдау білдіргендері үшін алғыс айтады. Қазақстан жарықтандыру, технология және қауіпсіздік саласындағы жаһандық көрме индустриясының жаңа орталығы ретіндегі орнын нығайтып келеді.

Байланыс үшін:

Лаура Ешназарова, PR/GR менеджер: +7 707 319 77 31
2025-08-26 07:39