Press releases kz

Interlight Central Asia халықаралық көрмесінің келесі жылы өткізілетін күндері жарияланды: 2025 жылғы 17 - 19 қыркүйек

2025 жылғы 17 - 19 қыркүйек
Астана қ., ЭКСПО ХКО
2025 жылғы 17 - 19 қыркүйек аралығында Астанада жыл сайынғы Interlight Central Asia халықаралық көрмесі өтеді. Елорда тағы да техникалық және сәндік жарықтандырудың әлемдік нарығының жетекші ойыншыларын тарту орталығына айналады.
Interlight Central Asia – бұл Қазақстанда және бүкіл Орталық Азияда жарық және электртехникалық бизнесті жүргізуге арналған көрме. Interlight Астанаға QAZPROPERTY басқарушы және сервистік компаниялар қауымдастығы, Қазақстан құрылысшылар одағы, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ресми қолдау көрсетеді.
Көрме ғимараттарды басқару жүйелері, біріктірілген қауіпсіздік жүйелері, жарықтандыру, бейнебақылау, смарт құлыптар, интеркомдар, мультимедиялық жүйелер, электр жабдықтары мен материалдары және т.б. қоса алғанда, өнімдер мен шешімдердің кең ауқымы ұсынылатын Security & Building Central Asia жаңа жобасымен қатар өтеді. Екі көрменің ортақ мүддесі жарықтандыру, автоматтандыру және қауіпсіздік саласындағы мамандардың өзара әрекеттесуіне бірегей мүмкіндіктер ашу болып табылады. Бұл іргелес салалық сегменттер арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың жаңа перспективаларын жасайды.
Мақсатты аудитория:
●Девелопер және құрылыс компаниялары
●Басқарушы және пайдаланушы компаниялар
●Жабдық өндірушілер
●Жабдық дистрибьюторлары мен дилерлері
●Сәулетшілер, дизайнерлер, жобалаушылар
●Жүйелік интеграторлар
●Әуежайлар мен сапаржайлардың өкілдері
●Білім беру мекемелерінің өкілдері
●Мәдениет, демалыс және спорт нысандарының өкілдері
●Қаланың билік органдары және абаттандыру қызметтері
●Коммерциялық жылжымайтын мүлік иелері
●Сауда орталықтары мен ойын-сауық инфрақұрылымының өкілдері

Не үшін қатысу қажет?

● Барлық жетекші өндірушілер мен жеткізушілер бір алаңда жиналады
● Жаңа жеткізушілерді табу және тиімді келісімшарттар жасау мүмкіндігі
● Жаңа білім алу және одан әрі даму стратегиясын әзірлеу
● Қарқынды іскерлік бағдарламаның үш күні: саланың өзекті тақырыптары бойынша семинарлар, шеберлік сыныптары және воркшоптар
● Жаңа өнімдер мен бизнес шешімдері туралы білуге, сарапшылармен тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік
● Саладағы әріптестермен тиімді іскерлік кездесулер
● Ынтымақтастық пен бірлескен промо-жобаларды талқылау
Іс-шараның барлық қонақтары үшін қатысушыларға өз білімдерін тереңдетуге және жаңа кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін дәрістер мен шеберлік сыныптары бар бай іскерлік бағдарлама дайындалды. Көрме сала мамандары үшін басты оқиға болмақ.
Сонымен қатар, көрме аясында қатысушыларға пайдалы іскерлік танысу, серіктестік уағдаластықтар жасау және түрлі секторлар мен елдердің өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндігін беретін B2B кездесулер өтеді.
Сәндік, техникалық, қалалық жарықтандыру және электротехника саласындағы өндірушілер мен жеткізушілерді Interlight Central Asia 2025 көрмесіне қатысуға және біздің көрме экспоненттері үшін ашатын мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамыз.
Өздеріңіз үшін ғимараттарды жарықтандыру және оларға қызмет көрсетудің болашағын ашыңыздар және пікірлес адамдармен жаңа идеялар мен технологиялық қиындықтарды талқылаңыздар!
Қосымша ақпаратты көрменің ресми сайтынан алуға болады www.interlight.kz
Көрменің ұйымдастырушысы – Business Media Central Asia (BMCA) халықаралық көрме компаниясы.
Байланыс:
Дилшад Акимбек
Жоба менеджері
Моб.+77089268667
БАҚ-қа арналған байланыс деректері:
Дина Бүкенбаева
PR және GR бойынша менеджер
Моб. +7 701 770 02 57