Press releases kz

Interlight Central Asia жаңа Smart Sec & Building бөлімін ұсынады!

Жарықтандыру, электротехника және қауіпсіздік жүйелеріне арналған Interlight Central Asia халықаралық көрмесі 2024 жылы 6-8 қараша аралығында Қазақстандық сала мамандарын қарсы алуға тағы да дайындалуда.

Биылғы жылы ұйымдастырушылар мамандардың назарын электр қондырғылары мен ғимараттарды автоматтандырудан бастап қауіпсіздік технологияларына дейін ғимараттарға қызмет көрсетуге арналған өнімдердің толық спектрін ұсынатын жаңа Smart Sec & Building секциясына аударуда.

Smart Sec & Building бөлімдері:

- Ғимараттарды автоматтандыру

- Басқару және қауіпсіздік жүйелері

- Бейнебақылау

- Ақылды қала

- Ақылды үй

- Электротехника.

Interlight Central Asia Орталық Азия аймағындағы жарықтандыру және ғимаратқа қызмет көрсету технологиялары саласында озық шешімдер мен инновацияларды көрсету алаңына айналмақшы. Бұған себеп келушілердің "ақылды" үй технологияларына, қауіпсіздік жүйелеріне, инженерлік коммуникацияларға және ғимаратты басқаруға деген жоғары қызығушылығына байланысты SmartSec & Building жаңа секциясының іске қосылуы.

Өткен көрмелерге келушілер арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 56% - ы "ақылды" үй технологияларына, 42% - ы электротехникалық өнімдерге, 39% - ы қауіпсіздік, ғимараттарды автоматтандыру және диспетчерлеу жүйелерінде, 41% - ы қалалық ресурстарды басқару жүйелеріне қызығушылық танытты.

SmartSec & Building секциясы көрме қатысушыларына ғимараттарды басқару жүйелері, біріктірілген қауіпсіздік жүйелері, жарықтандыру, бейнебақылау, ақылды құлыптар, интеркомдар, мультимедиялық жүйелер, электр жабдықтары мен материалдарына арналған өнімдер мен шешімдердің кең ауқымын ұсынуға мүмкіндіктер береді.

"Ақылды қала" бөлімі қалалық инфрақұрылымды басқару, цифрландыру, көлік және ұтқырлық, абаттандыру және жайлы орта құру мәселелерін стратегиялық шешуге мүмкіндік береді.

Біздің көрмедегі SmartSec & Building бөліміне қосылыңыз! Ғимараттарды жарықтандыру және техникалық қызмет көрсету технологиялары бойынша жетекші халықаралық көрмеге қатысу сізге жаңа байланыстар мен нарықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Interlight CA + SmartSec & Building халықаралық көрмесі өз алаңында жарықтандыру мен құрылыс қызметтерінің озық технологияларын біріктіреді. Біз ғимараттарды жарықтандыру, электрлендіру, цифрландыру саласындағы жаңа трендтерге, сондай-ақ қызмет көрсету және қауіпсіздік технологияларын енгізуге назар аударамыз.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы Interlight Central Asia көрмесіне әлемнің 10 елінен 1485 келуші қатысты. Экспозиция 1800 шаршы метрді алып, Қазақстан, Қытай, Ресей, Италия, Түркия және Беларусь елдерінің қатысушыларын қарсы алды.

Maytoni, Aledo, Apeyron Electrics, JUNG, Wolta, Centersware, Fael Luce, Electrio, iRidi, Wizdom, Tekled, Welund Steel, 220 вольт, 2GIS және Қытай павильонының қатысушыларын қоса алғанда, саланың жетекші компаниялары үй мен кеңсеге арналған жарықтандыру, жарықтандыру компоненттері, автоматтандыру және ақылды технологиялар саласындағы инновациялық өнімдерді ұсынды.

2024 жылы Interlight Central Asia + Smart Sec & Building халықаралық көрмесі 6-8 қараша аралығында Астана қаласы, EXPO Халықаралық көрме орталығында өтеді.

Сәндік, техникалық, қалалық жарықтандыру, электротехника, қауіпсіздік, ғимараттарды автоматтандыру және смарт-технологиялар саласындағы өндірушілер мен жеткізушілерді Interlight Central Asia көрмесіне қатысуға және көрме қатысушылары үшін ашатын мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамыз.

Қосымша ақпаратты көрменің ресми сайтынан алуға болады www.interlight.kz.

Көрмені ұйымдастырушы - Business Media Central Asia (BMCA) халықаралық көрме компаниясы.

Баспасөз сұраулары үшін:

PR менеджер

Майлыбаева Айнагүл

Моб. +7 777 246 36 36

ainagul.mailybayeva@bmca.kz