News kz

💡 Әлем Халықаралық Жарық күнін атап өтуде!

Бүгін бүкіл әлем Халықаралық Жарық күнін атап өтуде!

Жарық — бұл тек көзбен көрінетін құбылыс емес. Ол адамзат үшін танымның, шабыттың және өзара байланыстың қайнар көзі. Жарық бізге әлемді тереңірек түсінуге, жаңа мүмкіндіктер ашуға және болашаққа сеніммен қарауға көмектеседі.

Бұл күн — ғылымда, мәдениетте, білім мен тұрақты дамуда жарықтың маңызын атап өтетін ерекше күн. Электротехника, техникалық және сәндік жарықтандыру, жарық технологиялары саласында еңбек ететін барша мамандарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер әлемді жарығырақ, қауіпсіз әрі жайлы етіп келесіздер.

Өмір жолыңыз әрдайым жарық болып, жүрегіңіз жылылыққа, ойыңыз жарқын идеяларға толы болсын!

Interlight Central Asia — электротехника, техникалық және сәндік жарықтандыру бойынша халықаралық көрмесі.
  • 17–19 қыркүйек 2025
  • EXPO ХKO, Астана
2025-05-16 16:03